Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Ана тілі - жүрек үні» атты конкурстың өткізілуі туралы ақпарат

2014-10-09
«Ана тілі - жүрек үні» атты конкурстың өткізілуі туралы ақпарат
«Ана тілі - жүрек үні» атты конкурстың өткізілуі туралы ақпарат
«Ана тілі - жүрек үні» атты конкурстың өткізілуі туралы ақпарат
22 қыркүйек - Қазақстан Республикасының халықтарының тілдер мерекесі. Осы орайда, «Мемсараптама» РМК-нің Алматы облысы бойынша филиалында «Ана тілі - жүрек үні» атты конкурс ұйымдастырылды. Шара Қазақстан мемлекетінде тұратын барлық халықтардың тілдерін құрметтеу, қазақ тілінің мәртебесін көтеру мақсатында өткізілді. Конкурсқа барлығы 4 команда қатысты, олар «Жеңіс», «Арман», «SANA» және «Сборняк». Ереже бойынша қатысушылар топтарын қазақ тілінде таныстырды, шет тілінде туған жер, Отан туралы өлең оқыды, мемлекеттік рәміздер туралы сұрақтарға жауап берді және мағыналары ұқсас мақалдарды жатқа айтты. Жарыс өте тартысты, әрі қызықты өтті. Қорытынды бойынша жүлделі орындар келесідей болды: 1 орын - «Жеңіс», 2 орын - «Сборняк», 3 орын - «Арман» және «SANA» командасы «Көрермен көзайымы» номинациясының иегері атанды. Барлық қатысушыларға грамоталар мен сыйлықтар табысталды.