2013 жылғы қыркүйектің 9-10 аралығында Астана қаласында «ISO 50001:2011 халықаралық стандартының талаптарына сәйкес энергетикалық менеджменттің жүйесі» семинары. Басшылыққа арналған семинар» өтті, оған «Мемсараптама» РМК-нің және оның филиалдарының мамандары қатысты. Семинар барысында энергетикалық менеджмент жүйесінің энергетикалық саясат, энергетикалық басқару, енгізу және оның қызмет ету, сонымен қатар жүйені әрдайым жақсарту, құжаттық рәсімдеу, т.б. мәселелері қаралды.
Семинарда алған мәліметтер «Мемсараптама» РМК-нің және оның филиалдарында энергетикалық менеджмент жүйесін дайындау және енгізу жұмыстарын жүргізу барысында қолданылады.