Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Алматы облысы бойынша РМК «Мемсараптама» филиалының сарапшылар кеңесінің № 57 хаттамасы

2013-12-13
Алматы облысы бойынша РМК «Мемсараптама»   филиалының сарапшылар кеңесінің  № 57 хаттамасы
Қатысқандар: Молдыбаева Ж.Ж. – директор м.а. «Мемсараптама» РМК Алматы облысы бойынша филиалы- төрайым, Евтушевская Т.Н. – өндірістік бөлім бастығы «Мемсараптама» РМК Алматы облысы бойынша филиалы, Жанбырбаев К.К., Поляков П.В. – «Global Agro» ЖШС өкілі, Катубаев Ж.К. – «Қарасай ауданының құрылыс бөлімі» ЖШС өкілі, сарапшылыр – Ким В.И., Абдулханов А.С., Уваров В.М., Атагуллаев А., Омарбеков А.К., Туменбаев Ж.К. – бас маман - хатшы. Күн тәртібі: 1«Алматы облысы Шеңгелді алқабының Кербұлақ ауылындағы қызанақты қайта өңдеу заводының құрылысы» ЖЖ бойынша сараптамалық жұмыстарының жағдайы туралы (2013 жылғы 05-қарашадағы № 0963 келісім шарт) Жобалаушы:" «Global Agro». _________________________________________________________________________ (Молдыбаева, Евтушевская, Абдулханов, Уваров, Омарбеков, Жанбырбаев, Поляков) Белгіленді: ТК, ЖЖ,ЭЖ бөлімдері бойынша ескертулерге жауап толық ұсынылмағандықтан, алаң ішіндегі желілер бойынша мәселелер шешілмегендігі белгіленді, жүктеме бойынша есептеу тапсырылуы тиіс. Сарпатамаға тапсырыс берушімен бекітілген жабдықтар, материалдар және өнімдерге негізгі және балама прайс кітаптары ұсынылды. Сараптамалық кеңес отырысында прайстар бойынша жабдықтар бағалары мақұлданды. Шешім: 1. «Global Agro» ЖШС : «Мемсараптама» РМК Алматы облысы бойынша филиалы сарапшыларының ескертулері бойынша жауаптар ұсыну және түзету. Күн тәртібі: 1. «Алматы облысының Қарасай ауданындағы «Асыл Арман» тұрғын кешенінің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымының құрылысы. Сумен жабдықтау.» бойынша сараптамалық жұмыстарының жағдайы туралы (2013 жылғы 21-қарашадағы № 1009 келісім шарт) Жобалаушы:" ТОО «AKSU BUILDING KAZAKHSTAN» _________________________________________________________________________ (Молдыбаева, Евтушевская, Атагуллаев, Ким, Омарбеков, Катубаев) Белгіленді: Сметалық құжаттаманы толықтай қайта есептеу керек екендігі белгіленді, кәріз бойынша жобада көрсетілген бөлек көлемдерді растау керек, ақаулы тізімдеме формасында жұмыс көлемдерін құру керке.Сараптамаға прайс кітаптардың балама нұсқасы ұсынылды. Шешім: 1. «Мемсараптама» РМК Алматы облысы бойынша филиалы жобалау ұйымына ескертпелерге түзетілген жауап ұсыну үшін 2013 жылғы 18 желтоқсанға дейін уақыт берілсін. 2. «AKSU BUILDING KAZAKHSTAN» ЖШС: 2013 жылғы 18 желтоқсанға дейін ескертпелерге түзетілген жауап ұсынсын.