2013 жылдың 28 тамыз күні ШҚО ТЖД Семей қаласындағы төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма «Мемсараптама» РМК Семей қаласындағы филиалымен бірлесе отырып, нысандарды жобалауда, құрылыста және қайта жаңғыртуда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізді. Жиынға жобалаушы, құрылыс және монтаждау мекемелерінің өкілдері қатысты.