Құрметті әріпстестер! Сіздерді шын жүректен Астана күнімен құттықтаймыз. Астана тек алып мегаполис емес, мемлекетіміздің жаңаруының, жаңғыруының символы. Арман мен үмітті, қазақстандықтардың жарқын болашағын байланыстыратын қала. Бұл әлемдік деңгейдегі қала құрылысындағы ең үздік, ең батыл сәулеттік жобалардың, ерекше идеялардың жүзеге асқан жері.
Осы бір жарқын мерекеде Сіздерге зор денсаулық, бақыт, табыс тілеймін. Және де біздің әсем Астанамыз өркендеп, көркейе берсін!
Құрметпен: «Мемсараптама» РМК Семей қаласындағы филиалының ұжымы.