Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Тұрғын үйлердің жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу кезінде энергия үнемдеу мен энергия тиімділігін көтеру» семинары

2012-11-28
2012 жылғы 23 қарашада Астана қаласында «Тұрғын үйлердің жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу кезінде энергия үнемдеу мен энергия тиімділігін көтеру» бағдарлама бойынша семинар өтті. Семинарды кіріспе сөзімен «Мемсараптама» РМК-ның бас директоры Б.Б.Ережепов ашты. Содан кейін, «Энергия тиімділік жобалау мен тұрғын ғимараттардың құрылысы», «ҚР энергия үнемдеу жөніндегі заңнамасының жеке ережесі» тақырыптарымен ПРООН/ГЭФ жабасының менеджері – Әбілқайырова Баян сөз еткен. Баяндама үстінде ПРООН/ГЭФ жабасының менеджері энергия тиімділік тобын жобалауға арналған тапсырмада міндетті түрде көрсету қажет екенін атап кетті. Сонымен қатар, баяндамада құрылысы энергия үнемдеу бойынша іс-шараларды еспке ала отыра бюджеттік қаражатымен жүзеге асырылатын Қарағанды қаласындағы экспериментті үйі жөнінде айтылып кеткен. Семинардың бірінші бөлімі «Ғимараттардың жылу қорғауы» ҚНжЕ жылу қорғау және энергия үнемдеу талаптарының көкейтестігі» тақырыбымен құрылыс жылу физикасы зертханасының меңгерушісі, т.ғ.д., профессор, РААСН корреспонденті мүшесі (Мәскеу қаласы, Ресей) – Гагарина В.Г. сөзімен аяқталды. Семинардың екінші бөлімінде С.С.Атаев атындағы НИПТИС Тұрғын үй Институтының (Минск қаласы, Белорусь) директоры – Данилевский Л.Н. «Тұрғын ғимараттардың жылыту жүйелері мен вентиляцияларын энергия тиімділік жобалау» тақырыбында сөз сөйлеген. Семинар қонақтарының сөздері талқыланып, пікірталасқан. Қорытынды бөлімінде «Мемсараптама» РМК жобалау сараптама басқармасының сәулет-жоспарлау, инженерлік желілер мен құрылыстар бөлімдерінің бас мамандары сөз сөйлеген. Сонымен қатар, семинарда «Мемсараптама» РМК қызметкерлері, аумақтық филиалдарының өкілдері, жобалаушылар және мемлекеттік органдар мен кәсіпорындардың жауапты қызметкерлері қатысқан.