Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

САРАПТАМА КЕҢЕСІНІҢ ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

2012-11-06
САРАПТАМА КЕҢЕСІНІҢ ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
Талқыланған сұрақтар: 1. "Алматы облысының Қарасай ауданындағы «Премьера» көпфункционалды тұрғын кешенінің құрылысы. Су құбырының құрылысы (айналым шегі)": жұмыс жобасы бойынша сараптама жұмыстарының жағдайы туралы (0917 Келісім шарт). ___________________________________________________________ (Шымбаев Н.Н., Бектұрымов С.А., Куйбида Н.А., Евтушевская Т.Н.) Бұл жобада, алдында қаралған жобаға сілтеме беріледі, сондықтан да бұл жоба алдыңғы жобаның барлық сызбалары ұсынылған кезде ғана қаралатын болады - деп, белгіленді. Шешім: «Жетісу Жаңа Құрылыс» ЖШС-не: 2012 жылдың 12 қарашасына дейін " Алматы облысының Қарасай ауданындағы «Премьера» көпфункционалды тұрғын кешенінің құрылысы. Су құбырының құрылысы" жұмыс жобасының алдынғы берілген сараптама қорытындысын және сызбаларын ұсынсын. 2. «Алматы облысы Жамбыл ауданының Дегерес ауылындағы кезекте 50 қатысушыны қабылдайтын дәрігерлік емхананың құрылысы»: жұмыс жобасы бойынша сараптама жұмыстарының жағдайы туралы ( 0809 Келісім шарт) ____________________________________________________________ (Шымбаев Н.Н., Сұлтанбеков Н.Б., Жұмабеков Н., Евтушевская Т.Н.) ЖСҚ толық жиынтықта ұсынылмаған, тек бұрынғы түзетілмеген сызбалар ұсынылған - деп, белгіленді Шешім: 1. «ЭМ Курылыс» ЖШС: түзету жұмыстарын жүргізуге және жобаның толық комплектациясына дейін келісім шартты бұзу туралы хат жіберу. 2. «Мемсараптама» РМК-ң Алматы облысы бойынша филиалына: ұқсас ескертулер болған жағдайда теріс қорытынды беріп, жобаны өңдеуге қайтару. 3. «500 кВ-ты «ОҚҚТЭЖ» подстанциясындағы Р-4 500 кВ-ты басқарылмалы тұйықтағыш реактор тізбегінде 35 кВ-ты ажыратқыларды орнату»: жұмыс жобасы бойынша сараптама жұмыстарының жағдайы туралы. ( 0627 Келісім шарт) ____________________________________________________________ (Шымбаев Н.Н., Рустемов Д.Ш., Евтушевская Т.Н., Ким В.И.) Бұл жобаның сметалық бөлігі бойынша бірнеше рет ескертулер берілген: жобалық жұмыстың құны құрылыс жұмысынан біршамаға асып тұр, мұндай болу мүмкін емес. Сол үшін жобаны толығымен қайта өңдеу қажет - деп, белгіленді. Шешім: «Карасай и К» ЖШС: 2012 жылдың 09 қарашасына дейін түзетілген сметалық құжаттаманы ұсыну қажет. 4. " Алматы облысы Панфилов ауданының Жаркент қаласындағы Крупский атындағы орта мектепті күрделі жөндеу ": жұмыс жобасы бойынша сараптама жұмыстарының жағдайы туралы ( 0473 Келісім шарт) ____________________________________________________________ (Шымбаев Н.Н., Куйбида Н.А., Хажиев К.И. , Евтушевская Т.Н.) Жоба сапасыз жасалған, дұрыс есептелмеген, жобалау сметалық құжаттама толығымен қайта өңделу керек – деп, белгіленді. Шешім: 1. «Мемсараптама» РМК-ң Алматы облысы бойынша филиалына: теріс қорытынды беріп, жобаны қайта өңдеуге беру. 2. Қабылданған шешім туралы тапсырысшыға хабарлау (Ярмухамедова С.Б.). 5. «Алматы облысы Қарасай ауданының Ақжар ауылындағы «Республикалық қан орталығы» РМҚК-ның алаңын абаттандыру және қоймасын күрделі жөндеу»: жұмыс жобасы бойынша сараптама жұмыстарының жағдайы туралы ____________________________________________________________________________ (Шымбаев Н.Н., Ким В.И. Евтушевская Т.Н.) Жобаның сметалық бөлігі бойынша бірнеше рет ескертулер берілген, алайда ұсынылған жауаптарға сарапшылардың ескертулері тамамдалмайды - деп, белгіленді. Шешім: 1. «Уш Арыс и К» ЖШС : 2012 жылдың 12 қарашасына дейін түзетілген сметалық құжаттаманы ұсыну керек. 2. «Мемсараптама» РМК-ң Алматы облысы бойынша филиалына: ұқсас қателіктер қайталанған жағдайда теріс қорытынды беріп, жобаны өңдеуге қайтару.