Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

CАРАПШЫЛАР КЕҢЕСІНІҢ ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

2012-11-08
CАРАПШЫЛАР КЕҢЕСІНІҢ ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
Талқыланған сұрақтар: 2. «Алматы облысы Жамбыл ауданының Қарабастау ауылындағы «Тамғалы» Мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық мұражайының құрылысы»: Техника экономикалық негіздемесі бойынша сараптама жұмыстарының жағдайы туралы (0631 Келісім шарт) ____________________________________________________________________________ (Шымбаев Н.Н., Куйбида Н.А., Полищук Л.А., Евтушевская Т.Н.) Осы жоба бойынша жобалау ұйымы ескертулерді ықылассыз меңгеріп отыр: сметалық бөлімде көлемдері негізссіз, ұңғыманы бұрғылауда мүдделі ұйымдармен келісімдеу ұсынылмаған, ұңғыманың диаметрі мен тереңдігі анықталмаған, тіреу ұңғымасының суына химиялық және бактериологиялық талдау ұсынылмаған – деп, белгіленді Шешім: 3. "Euro max inc" ЖШС: 2012 жылдың 13 қарашасына дейін сараптама жұмысын тоқтатуға хат ұсыну. 4. «Мемсараптама» РМК-ң Алматы облысы бойынша филиалына: жоба бойынша сараптамалық жұмысты тоқтату. 3. «Алматы облысы Қарасай ауданындағы Қаскелен топталған сутартқышының құрылысы. 2-ші қосылу кешені. Құрылыстың 1-ші кезегі»: жұмыс жобасы бойынша сараптама жұмыстарының жағдайы туралы (0585 Келісім шарт) ____________________________________________________________________________ (Шымбаев Н.Н., Ким А.Г., Таңатаров С., Атағуллаев А., Евтушевская Т.Н.) Жоба толық емес жиынтықта әкелінген және сызбалар ұсынылмаған. Жобалаушылар сарапшылармен тек немқұрайды хат алысумен шектелмей, тікелей жұмыс жасаулары қажет – деп, белгіленді. Шешім: 1. «Талдықорғансужоба Институты» ЖШС: 2012 жылдың 09 қарашасында сараптама жұмыстарын тоқтатуға хат ұсыну. 2. «Мемсараптама» РМК-ның Алматы облысы бойынша филиалына: жоба бойынша жобалау сметалық құжаттарды толық жиынтықта әкелгенше сараптама жұмыстарын тоқтату. 3. "Алматы облысы Жамбыл ауданының Қайназар-2 ауылындағы жеке меншіктегі тұрғын үйлердің инженерлік коммуникациялық жүйелерін жайластыру және дамыту": жұмыс жобасы бойынша сараптама жұмыстарының жағдайы туралы (0861 Келісім шарт) ___________________________________________________________________________ (Шымбаев Н.Н., Евтушевская Т.Н., Атағуллаев А.) Осы жобаның барлық бөлімдері бойынша ескертулер берілді, жауаптар ұсынылмады, сараптама жұмыстары кешіктірілуде. Сарапшылар кеңесі отырысында тапсырушы мен жобалау ұйым өкілдері қатыспады – деп, белгіленді. Шешім: Ярмухамедова С.Б.: Сарапшылар кеңесі отырысына тапсырушы ұйымы мен жобалаушы ұйымның келмегені жайлы Жамбыл ауданы әкімін хат арқылы хабарландыру 1. Олардың бақылауындағы нысан мәселесі бойынша. 2. 2012 жылдың 13 қарашасында сарапшылар кеңесі отырысына тапсырушы мен жобалаушы ұйымды қайта шақыру.