Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

«Мемсараптама» РМК аумақтық бөлімшелерінің сметалық құжаттамасы бойынша сарапшы мамандармен республикалық семинар

2012-05-07
Алматы қаласында мамыр айының 3-4 арлығында «Мемсараптама» РМК аумақтық бөлімшелерінің сметалық құжаттамасы бойынша сарапшы мамандармен республикалық семинар өтті. Семинардың алғашқы күні Алматы облысының жобалау ұйымдары мен тапсырысшылары шақырылды. Семинарды «Мемсараптама» РМК Бас директорының бірінші орынбасары К.К.Жумадильдин ашты. Ол 2012 жыл бойы атқарылған жұмыс жөнінде сөз етті. Есебінде ЖСҚ-ның сапасына, қазақстандық мазмұнға, баға жүйесіне (қазіргі және жаңа) ерекше тоқталып өтті. Екінші «Қазақстан Республикасының құрылысындағы баға белгілеудің жаңа әдістемесі туралы» мәселе бойынша Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің құрылыстағы сметалық нормалар Басқармасының бастығы Каирова З.А. сөз алды. Ол баға белгілеудің жаңа әдістемесіне көшу жоспары туралы айтты. Көшу жоспары 4 деңгейде жүзеге асырылады, 2015 жылға дейін аяқталуы тиіс. Әдістемелік құжаттар бекітіліп, шығарылған. Үшінші мәселе бойынша «Мемсараптама» РМК сметалық сектордың басшысы Клевчик Л.П. сөйледі. Ол сметалық құжаттамаларды қарау барысында туындайтын негізгі проблемалық мәселелерге тоқталып өтті. Сөз сөйлеушілерден кейін дөңгелек үстел өткізілді. Мұнда семинарға қатысушылар сметалық құжаттамаларды жобалау сатысында жасау барысында және сметалық құжаттамаларға сараптама жүргізу кезінде туындайтын проблемалы мәселелерді талқылады. Жобалау ұйымдарының және тапсырысшылардың өкілдері сұрақтармен алмасты. Төртінші мәселе бойынша Мананбаева Л.Б. сөйледі. Ол 2012 жылдың 16 ақпанында Алматы қаласында Қазақстан сметашыларының республикалық одағының конференциясы бойынша есеп берді. Екінші күні бірінші мәселемен ИНКОМ өкілі сөз алды. Ол АВС бағдарламасында болатын өзгерістермен таныстырды. Ортаға салып, талқылаған соң, шығындар бойынша талдауды 6% және 2% жасауға шешім қабылдады. Екінші сұрақ бойынша Клевчик Л.П. сөйледі. Ол қатысушыларға сметалық құжаттамаларды қарау барысында кездесетін негізгі қателерге тоқтады: Клевчик Л.П. жаңа нормативтік құжаттаманы талдауға қатысуларын, сондай-ақ ЖЖ-ның жаңа технологияларын қарау барысында ақпаратты КАЗНИИС-ке дейін жеткізуін өтінді. Үшінші мәселе бойынша З.А.Каирова сөйледі. Ол өзінің сөзінде қорытындыларды тексеру барысында кездесетін қателер жөнінде айтты. Жумадильдин К.К. қатысушыларды қалыпты шарттың жаңа шарттарымен таныстырды. Семинарға «Көкшетаумемсараптама» ЕМК өндірістік бөлімі бастығының орынбасары А.Г.Филиппов және жетекші маман (сметашы) М.В.Ни қатысты.