Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

Жамбыл облысында құрылыс қарқыны өсті

2012-06-20
Жамбыл облысында құрылыс қарқыны өсті

Жамбыл облысында құрылыс қарқыны өскен. Облыс 2010 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша республика көлемінде екінші орында тұр. Бұл жөнінде «Bnews.kz» АА тілшісіне облыстық құрылыс және автомобиль жолдары басқармасы хабарлады.

«Жыл басынан бері өңірдегі құрылыс жұмыстарының қарқыны 125,3 % өскен. Бұл ел бойынша екінші көрсеткіш, орташа республикалық көрсеткіш 102,8 % құрады», - деді басқарма бастығы Рахманқұл Байтелиев.

Оның айтуынша, ҮИИДМБ шеңберіндегі инвестициялық жобалардың тіршілікті қамтамасыз ету инфрақұрылымы және әлеуметтік саладағы бюджеттік инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың арқасында құрылыс жұмыстарының қарқыны едәуір өскен.

«Біз биыл 165 мың текше метрден астам тұрғын үйді пайдалануға бердік. Бұл былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 108% болды. Аталған көрсеткіш өсімінің 8,7%-ын жеке тұрғын үйлер құрайды», - деді Р.Байтелиев.

Сонымен қатар, құрылыс саласы барлық жерде де белең алуда деп атап өтті ол.

«Қазіргі уақытта тұрғын үй құрылысын дамыту мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа «Бәйтерек» ықшам ауданында көпқабатты тұрғын үйлер салынып жатырс», - деді ол сөз соңында.