Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

2025 жылғы І тоқсандағы жобаларды тексеру нәтижелері және құжаттаманы кері қайтарудың негізгі себептері

2025-04-21
2025 жылғы І тоқсандағы жобаларды тексеру нәтижелері және құжаттаманы кері қайтарудың негізгі себептері

2025 жылдың I тоқсанында «Мемсараптама» РМК мекемесіне сараптама жүргізуге 1 580 өтінім келіп түсті, оның 140-ы қала құрылысына қатысты жобалар. 848 өтінім, яғни 53%-ы қараусыз кері қайтарылды, оның ішінде 46-сы (33%) қала құрылысы жобалары.

Сарапатама келіп түскен жобаларды кері қайтарудың негізгі себептері - ұсынылған материалдардың заңнама талаптарына сәйкес келмеуі және құжаттаманы ресімдеу барысында белгіленген еределердің бұзылуы.

Қала құрылысы жобаларын кері қайтарудың ең көп тараған себептері:
- ҚР ИИДМ № 505 бұйрығына 1-қосымшада көзделген нысанға сәйкес Тапсырыс беруші бекіткен жобалауға түзетілген тапсырманың болмауы;
- жобалауға арналған тапсырмада айқындалған әкімдіктердің бейінді бөлімшелерімен және ұйымдармен келісімдерді ұсынбау;
- мемлекеттік қала құрылысы кадастрының деректер базасында тіркелген топографиялық түсірілімнің болмауы (ҚР ҰЭМ 20.11.2015 ж. № 706 бұйрығына сәйкес);
- ұсынылған жобаны қолданыстағы нормативтерде көзделгендей жоғарыда көрсетілген қала құрылысы құжаттарымен салыстыру туралы мәліметтердің болмауы.

Жобалау-сметалық құжаттаманы (ЖСҚ) қайтарудың негізгі себептері:
- мемлекеттік инвестициялар есебінен іске асырылатын жобаларды салу құнын түзету кезінде бюджеттік комиссияның оң шешімінің болмауы (ҚР ҚН сәйкес 1.02-03-2022);
- квазимемлекеттік сектор немесе жеке инвестициялар қаражатынан қаржыландырылатын жобалар үшін сметалық құнның ұлғаюы;
- ұсынылатын жобалық шешімдердің жер учаскесінің нысаналы мақсатына сәйкес келмеуі;
- жобаланатын инженерлік желілерге қосылуға техникалық шарттардың болмауы;
- денсаулық сақтау объектілері бойынша – медициналық құрал-жабдықтар үшін клиникалық-технологиялық негіздеменің (КТО) және оңтайлы техникалық сипаттамалардың (ТС) болмауы;
- аяқталмаған құрылыс үшін – сот шешімдерінің немесе уәкілетті органдардың жаңа кешенді сараптама жүргізу қажеттілігі туралы нұсқамаларының болмауы;
- қолданыстағы құрылыс нормаларына қайшы келетін тұрғын және қоғамдық ғимараттардың жобаларын сыртқы инженерлік желілерсіз ұсыну;
- сметалық құжаттаманың ағымдағы тоқсандық бағаларға сәйкес келмеуі.

«Мемсараптама» РМК барлық сараптама өткізу үшін өтініш берушілерге ұсынылатын құжаттардың толықтығы мен өзектілігін мұқият тексеруді ұсынады. Бұл жобаларды қараусыз кері қайтару тәуекелдерін айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді.