1) Бос лауазымның атауы – «Мемсараптама» РМК әкімшілік және құқықтық жұмыс басқармасы әкімшілік бөлімінің жетекші маманы (уақытша болмаған жұмыскерді ауыстыру уақытына).
2) Орналасқан жері, пошталық мекенжайы, телефоны көрсетілген мемлекеттік кәсіпорынның атауы – Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің «Жобаларды мемлекеттік ведомстводан тыс сараптау» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны («Мемсараптама» РМК), Астана қаласы, Күлтөбе тұйық көшесі, 7-ғимарат, тел.: 57 45 00.
3) Құжаттарды қабылдаудың аяқталу күні және уақыты – құжаттар 2025 жылғы «28» ақпанда сағат 18.00-ға дейін aidrisova@gosexpertiza.kz электрондық мекенжайына ұсынылуы тиіс.
4) Тиісті сала үшін үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес айқындалатын конкурсқа қатысушыға қойылатын негізгі талаптар.
Лауазымның мақсаты мен тағайындалуы:
Бөлімшеге жүктелген міндеттерді тиімді орындау.
Білімге қойылатын талаптар: «Қаржы»/«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша жоғары кәсіптік білім.
Лицензияларға, сертификаттарға және т.б. қойылатын талаптар: біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың болғаны жақсы.
Жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар: мамандығы бойынша кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесі.
Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білімдер:
Келесі нормативтік құқықтық актілерді білу:
- Қазақстан Республикасының Конституциясы;
- Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі;
- Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының негіздері;
- азаматтық заңнаманың және әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың негіздері;
- «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы;
- Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасау, құжаттаманы басқару және электрондық құжат айналымы жүйелерін пайдалану қағидалары;
- Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидалары;
- Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы;
- осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері.
Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:
- аударма тілінің жазбаша нысанын кәсіби меңгеру;
- қарапайым сауаттылық;
- төзімділік, жинақылық;
- ВКСБАЖ-де жұмыс істеу дағдылары;
- жоғары жұмыс қабілеттілігі және т б.
Функционалдық міндеттер:
1) Кәсіпорында архив ісін жүргізу бойынша жұмысты жүзеге асыру;
2) істер номенклатурасын әзірлеу, оларды архивке беру кезінде олардың дұрыс қалыптасуы мен ресімделуін тексеру;
3) құрылымдық бөлімшелерден сақтауға келіп түскен, іс жүргізумен аяқталған құжаттарды қабылдау және тіркеу;
4) істерді жүйелеу және оларды қолданыстағы ережелерге сәйкес орналастыру, олардың есебін жүргізу, сақтау бірліктерін шифрлау;
5) тұрақты сақталатын және уақытша мерзімдері бірліктерінің жиынтық тізімдемелерін, сондай-ақ құжаттарды мемлекеттік сақтауға, есептен шығаруға және жоюға беру үшін мерзімі өткен құжаттарды, сақтау мерзімдерін әзірлеу;
6) архивтік құжаттардың ғылыми және практикалық құндылығын сараптау жөніндегі жұмысқа қатысу; Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің сараптамалық-тексеру комиссиясына құжаттарды іріктеу және ұсыну;
7) Кәсіпорынның аумақтық бөлімшелерінің жұмыскерлеріне істерді қалыптастыру, дайындау және архивке тапсыру тәртібі туралы кеңес беру; құжаттардың жай-күйін, олардың уақтылы қалпына келтірілуін бақылау, архив үй-жайларында олардың сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайларды сақтау;
8) архив үй-жайында өрттен қорғау қағидаларының сақталуын бақылау;
9) келіп түскен сұрауларға сәйкес архивтік көшірмелер мен құжаттарды қол қойғызып беруге;
10) архив құжаттарында бар мәліметтер негізінде анықтамалар жасау, архив жұмысы туралы есептілік жасау үшін мәліметтер дайындау;
11) архивке келіп түскен архивтік құжаттардың сақталуына дербес жауапты болу;
12) аудармалардың түпнұсқалардың лексикалық, стилистикалық және семантикалық мазмұнына дәл сәйкестігін, пайдаланылатын ғылыми және техникалық терминдер мен анықтамаларға қатысты белгіленген талаптардың сақталуын қамтамасыз ете отырып, құжаттар мәтіндерінің, сондай-ақ басқа да қызметтік құжаттарды аударылуын қамтамасыз ету;
13) жұмыскерлердің біреуі уақытша болмаған жағдайда оның міндеттерін орындау;
14) Кәсіпорын және бөлім басшылығының өзге де тапсырмаларын орындау.
5) конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
1) «Мемсараптама» РМК бас директорының атына еркін нысандағы өтініш;
2) жеке куәліктің көшірмесі (тұруға ықтиярхат);
3) білім туралы құжаттың көшірмесі;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
5) түйіндеме.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген «Мемсараптама» РМК-ің жұмыс істеп жүрген жұмыскерлері «Мемсараптама» РМК бас директорының атына өтінішті (еркін нысанда) жобаларды ведомстводан тыс кешенді сараптаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы береді.
Ішкі іріктеу қорытындысы бойынша бос лауазымға орналасуға үміткер анықталмаған жағдайда сыртқы конкурстық іріктеу жүзеге асырылады.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты, сондай-ақ жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттарды ұсынуға құқылы.
Конкурс келесі кезеңдерден тұрады:
1) 2025 жылғы «03» наурыз – үміткерлердің өтінімдерін қарау;
2) 2025 жылғы «04» наурыз – үміткерлермен әңгімелесу;
3) 2025 жылғы «05» наурыз– конкурс қорытындысы.
Конкурсқа қатысушылар мен үміткерлер оларға қатысты бөлігінде конкурстық құжаттармен таныса алады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен конкурс нәтижелеріне шағымдануға құқылы.