Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

"Мемсараптама" РМК өкілдері Astana construction forum шеңберінде сараптама кезеңінде BIM жобаларымен жағдай туралы айтып берді

2024-10-17

Астанада құрылыс саласының барлық негізгі қатысушыларын: құрылыс компанияларын, құрылыс материалдарын өндірушілерді, нарық сарапшылары мен реттеуші өкілдерін жинаған форум өтуде.
Форум аясында панельдік сессиялар, оның ішінде құрылыста BIM технологияларын қолдану мәселелері бойынша сессия ұсынылды.
Осы сессия барысында "Мемсараптама" РМК Бас директорының орынбасары Саламат Серікхалиев қатысушылармен BIM-жобаларға сараптама жүргізу тәжірибесі туралы ақпаратпен бөлісті
"Мемсараптама" РМК Бас директорының орынбасары Тапсырыс берушінің ақпараттық талаптарын дұрыс қалыптастыру қажеттігін атап өтті, сондай-ақ жобалаушыларға талаптарды нақтылау және оны сараптамаға жібермес бұрын модельдің сапасын тексеру қажеттілігі бөлігінде ұсыныстар берді.
Сонымен қатар, қатысушылар цифрлық трендтерді енгізудің проблемалық мәселелерін, BIM технологияларын қолданудың артықшылықтарын талқылады, сондай-ақ BIM-ді құрылыс жобаларының бизнес-процестеріне кезең-кезеңімен енгізудің болашақ жоспарлары туралы бөлісті.