Екібастұз ГРЭС-2 реконструкциялау жобасын іске асырудағы негізгі мақсат стансаның қуатын 525 МВт ұлғайту және электр энергиясын өндіруді жылына 3,5 млрд.квт.с-қа өсіру.
Жоғарыда көрсетілген жобаны іске асыру Қазақстанның электрэнергиясын тұтынуды қамтамасыз етеді, жаңа жұмыс орны ашылады және стансаның жұмыс сенімділігі артады.
Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінде өткен кеңестің қорытындысы бойынша жобада «қазақстандық қамту» үлесін ұлғайту туралы ұсыныстар әзірленді.