2011 жылдың 26 тамызында «Мемсараптама» РМК Оңтүстік филиалы Алматы қаласында Қазақстан республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының орынбасары Акимжанов Д.А. басшылығымен, «Ғимараттар мен имараттар, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігі туралы» ЕврАзЭС техникалық регламентінің жобасын талқылау жөніндегі кәсіпорын мен ұйымдар, құрылыс саласының жобалау және ғылыми орталықтар басшыларының қатысуымен өткен мәжіліс жұмыстарына қатысты.