Время приёма посетителей с 09:00 до 12:30 часов
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Государственная вневедомственная экспертиза проектов»    
Телефон
+7 (7172) 57-44-84
E-mail
gosexpertiza@gosexpertiza.kz

1900 сараптамалық қорытынды Мемлекеттік сараптамадан 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында берілді

2024-07-16
1900 сараптамалық қорытынды Мемлекеттік сараптамадан 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында берілді

Оның ішінде 269 теріс, 1 631 оң. Қорытындылардың жартысынан көбі (72%) мемлекеттік инвестициялар және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен іске асырылатын құрылыс жобалары бойынша берілді.
74% - дағы басым үлесті жаңа құрылыс жобалары бойынша қорытындылар алады. Бұл ретте, қаралған жобалардың жартысынан астамы (52%) Денсаулық сақтау объектілерін, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы және білім беру объектілерін салу жобаларын білдіреді.
Қаралған жобалардың деректері бойынша жоспарланып отырған құрылыстың топ-5 негізгі өңіріне Астана қаласы, Түркістан облысы, Қарағанды облысы, Жетісу облысы және Алматы облысы кірді.
Сарапшылар теріс қорытындылар жобалар жобалау және құрылыс саласындағы бастапқы құжаттар мен нормативтерде белгіленген талаптарға, шарттар мен шектеулерге сәйкес келмеген жағдайда берілетінін еске салды.
Бұл ретте, сарапшылардың пікірінше, көп жағдайда заңнамада белгіленген мерзімде дәлелді ескертулердің жойылмауына байланысты теріс қорытындылар берілген.